01
қазан
2015
2014 – 2015 оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысының есебі.
Балабақшадағы әдістемелік жұмыс – бұл педагогтардың кәсіби деңгейлерін
жетілдірудің негізгі жолы, барлық ұжымның шығармашылық дамуына ықпал етеді, оқу
– тәрбие үрдісінің сапасын және тиімділігін арттырады.Әдістемелік қызметтің
мақсаты - оқу – тәрбие үрдісін жаңарту, сапалы білім беруді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
Балабақшадағы жұмыстың басымдылық бағыты: көркемдік – бейнелеу тәрбиесі,мектепке дейінгі балалардың денсаулық сақтау технологиялары арқылы денсаулықтарын қорғау және нығайту.
Мемлекеттік стандарт бойынша танымдық орта құру және дамыту,әрбір тәрбиешінің кәсіби шеберлігін көтеру.
2014-2015оқу жылы педагогикалық ұжымның алдына міндеттер қойылды:
1. Бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері арқылы балалардың
көркемсурет шығармашылығын дамыту.
2. Балалардың ҚМТҚ бойынша таным қызметінің дағдыларын жақсарту.
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында балабақшада жоспарлы түрде жұмыс жасалды.
Балаларға мардымды қызметін , қолдың ұсақ моторикасын дамытуда ,жұмысты үлгі бойынша және ауызша нұсқаулық бойынша тапсырманы орындай алу; затты зерттей алулары ұйымдастырылған оқу іс –әрекеттерінде көркемсурет шығармашылықтарын дамытуда көп жетістіктерге жетті. Ұстаздар: сабақты жүргізудің әдістемелерін жақсартуда , әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануда, ашық сабақтар көрсетуде бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері бойынша жүйелі нәтижелі қортынды шығарды. Ата-аналар тарабынан балаларға бейнелеу қызметінің техникалық дағдыларын меңгеруге ,қолдың ұсақ моторикасын дамытуға көмек көрсетілді. Жылдық міндеттемеде балалардың ҚМТҚ бойынша таным қызметінің дағдыларын жақсартуда балаларың зейінін,жадын,қабылдауын,тілін қалыптастыру,көлемді,үлкендікті,түсті айыра білуде ашық оқу іс – әрекеттері, семинарлар, кеңестер беріліп көп көңіл бөлінді.
Ұстаздар арнайы оқу әдістерін қолдану, ашық сабақтар көрсету, сабақтарға арналған дидактикалық құралдарды көбейтіп мақсатты және жүйелі жұмыс нәтижесін ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінде пайдаланды.Ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында балаларға математикалық дағдыларды үйретуге көмек көрсетілді,ашық есік күндері,ашық көрсетілімдерге қатысу және ақпаратты тақталар жұмыс жасалып, міндеттеме бойынша іс – әрекеттерін қолдануды одан әрі жалғастыру.
Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі –балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.Балабақшада дене тәрбиесі – сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Балалардың физиологиясына, санитарлық – мәдени ережесіне, танымдық орта құрудағы техникалық қауіпсіздігіне байланысты материалды – құрал жабдықтармен жабдықталған . Жүйелі түрде : балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде таңертеңгі жаттығу, серуенде қозғалмалы ойындар, сабақта сергіту сәттері өтіледі. Педагогикалық ұжым барлық жас ерекшеліктеріне сай топтардағы өтілетін сауықтыру шараларына көп көңіл бөледі.Бұл шынықтыру шаралары : күндізгі ұйқыдан кейінгі ойын түріндегі сауықтыру шаралары, релаксациялық және тыныс алу жаттығулары, майтабанның алдын – алу жаттығулары, күннің жылы кезінде жалаң аяқ жүру, дәруменді шырындар ішу. 2014-2015оқу жылында балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстың нәтижесінде келесі қортындыға ие болдық:
Балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайтуға бағытталған жұмыстар біздің тәрбиеленушілеріміздің ата – аналарының көмегінсіз күтілетін нәтиже алуға болмайды, сондықтан да ата –аналарды қатыстыру арқылы әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: ашық сабақтар, спорттық мерекелер, денсаулық күндері,
ата – аналардың қатысуымен ойын – сауықтар. Әрбір топтарда ата – аналарға арналған денсаулық бұрыштары безендірілген «Дәрісіз денсаулықты сақтайық»,, «Дәрісіз денсаулықты сақтайық», «Балалардың балабақша жағдайына бейімделуі»- кеңес, «Таза ауада, далада ойнайық». Балабақшада сауықтыру және шынықтыру сұрақтарын медицина қызметкерлерімен тығыз байланыспай шешуге болмайды. Тәрбиеленуші балалар үнемі медбикенің бақылауында.Әр айда балалардың балабақшаға қатысуларының және ауырған күндерінің қортындылары шығарылып отырады.Ауырған диагноздары анықталып, көктемде және күзде балалардың денсаулықтары бойынша мониторинг жасалады. Он күнге арналып жасалған ас мәзірі меңгерушімен бекітіліп, сол бойынша тәрбиеленушілерді төрт рет тамақтандыру жүзеге асырылады.
Қорытынды: 2014-2015 оқу жылында педагогикалық ұжымның мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша жасалған жалпы қызметі және танымдық, шығармашылық қызметін қанағаттанарлық деп есептеуге болады. Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер : - балалардың қатысу бөлігін 96 пайыздан кем қылмай сақтау.
Оқу – тәрбие үрдісінің негізі болып табылатын :
ҚРМЖББ стандарты. Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, оқу және тәрбие жұмыстары МБС талаптарына, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.Балабақшада оқу -тәрбие жұмысына қамтылмаған ата -аналарға арналған ақыл-кеңес пункті жұмыс істейді, дене шынықтыру және музыка залы, әдістемелік кабинет, қазақ тілі кабинеті, дәрігерлік кабинет , «Өзін -өзі тану» кабинеті, бар.
Тәрбиелік-білімдік жұмысты 19 ұстаз : жоғары біліммен -15 адам; орта мамандандырылған біліммен -3, олардың 3 жоғары санатты, 6 – бірінші санатты, 4- екінші санатты,қалған 6 - санатсыз.
Жылдық міндеттемелерге сай кадрмен жұмыс барысында оқу-тәрбие процесінде денсаулықты сақтау технологиялары мен коммуникативтік іс-әрекет әдістерін қолдана отырып, педагогтардың кәсіпқойлық құзіреттіліктеріне үлкен көңіл бөлінді. Балабақшада семинарлар өткізілді. Балабақша аудандық музыкалық «Балапан» сайысында 2 жүлделі орындарға ие болды.
Педагогтардың сапалық құрамын жоғарылату.Келесі аттестацияға тәрбиешілерді тестіге даярлау. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылықтарын жалғастыру.Іздену әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында коммуникативтік
іс- әрекеттерін қолдануды одан әрі жалғастыру.
Ата-аналармен жұмыс:
Балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілер ата-аналардың балалабақша өміріне белсене араласуына ат салысады. Біріккен спорттық, ойын-сауық шаралары жиі өткізіліп тұрады, сайыстар, мұражайға экскурсиялар, қала ішіне саяхаттар ұйымдастырылды. Ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізілді.
Ата-аналар қанағаттануының нәтиже көрсеткіші орта есеппен 95% құрайды.
спорттық, музыкалық шараларды өткізуде. ата-аналармен жұмыс түрлерін жалғастыру;
Міндеттері:
- Педагогикалық шеберліктерін жетілдіру
- Білім беру үрдісіне қатысушыларының кәсіби құзіреттілігін дамыту
- Педагогтардың өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру

- балабақшаға келетін балалардың ішінен ауырған бала саны 9% - ды құрайды;
- балабақшаға келетін балалардың бөлігі - 80% -ды құрайды;
- балалардың жарақаттану жағдайлары жоқ.
Балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайтуға бағытталған жұмыстар біздің тәрбиеленушілеріміздің ата – аналарының көмегінсіз күтілетін нәтиже алуға болмайды, сондықтан да ата –аналарды қатыстыру арқылы әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: ашық сабақтар, спорттық мерекелер, денсаулық күндері,
ата – аналардың қатысуымен ойын – сауықтар. Әрбір топтарда ата – аналарға арналған денсаулық бұрыштары безендірілген «Дәрісіз денсаулықты сақтайық»,, «Дәрісіз денсаулықты сақтайық», «Балалардың балабақша жағдайына бейімделуі»- кеңес, «Таза ауада, далада ойнайық». Балабақшада сауықтыру және шынықтыру сұрақтарын медицина қызметкерлерімен тығыз байланыспай шешуге болмайды. Тәрбиеленуші балалар үнемі медбикенің бақылауында.Әр айда балалардың балабақшаға қатысуларының және ауырған күндерінің қортындылары шығарылып отырады.Ауырған диагноздары анықталып, көктемде және күзде балалардың денсаулықтары бойынша мониторинг жасалады. Он күнге арналып жасалған ас мәзірі меңгерушімен бекітіліп, сол бойынша тәрбиеленушілерді төрт рет тамақтандыру жүзеге асырылады.
Қорытынды: 2014-2015 оқу жылында педагогикалық ұжымның мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша жасалған жалпы қызметі және танымдық, шығармашылық қызметін қанағаттанарлық деп есептеуге болады. Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер : - балалардың қатысу бөлігін 96 пайыздан кем қылмай сақтау.
Оқу – тәрбие үрдісінің негізі болып табылатын :
ҚРМЖББ стандарты. Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру, оқу және тәрбие жұмыстары МБС талаптарына, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.Балабақшада оқу -тәрбие жұмысына қамтылмаған ата -аналарға арналған ақыл-кеңес пункті жұмыс істейді, дене шынықтыру және музыка залы, әдістемелік кабинет, қазақ тілі кабинеті, дәрігерлік кабинет , «Өзін -өзі тану» кабинеті, бар.
Тәрбиелік-білімдік жұмысты 19 ұстаз : жоғары біліммен -15 адам; орта мамандандырылған біліммен -3, олардың 3 жоғары санатты, 6 – бірінші санатты, 4- екінші санатты,қалған 6 - санатсыз.
Жылдық міндеттемелерге сай кадрмен жұмыс барысында оқу-тәрбие процесінде денсаулықты сақтау технологиялары мен коммуникативтік іс-әрекет әдістерін қолдана отырып, педагогтардың кәсіпқойлық құзіреттіліктеріне үлкен көңіл бөлінді. Балабақшада семинарлар өткізілді. Балабақша аудандық музыкалық «Балапан» сайысында 2 жүлделі орындарға ие болды.
Педагогтардың сапалық құрамын жоғарылату.Келесі аттестацияға тәрбиешілерді тестіге даярлау. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылықтарын жалғастыру.Іздену әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында коммуникативтік
іс- әрекеттерін қолдануды одан әрі жалғастыру.
Ата-аналармен жұмыс:
Балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілер ата-аналардың балалабақша өміріне белсене араласуына ат салысады. Біріккен спорттық, ойын-сауық шаралары жиі өткізіліп тұрады, сайыстар, мұражайға экскурсиялар, қала ішіне саяхаттар ұйымдастырылды. Ата-аналар үшін ашық есік күндері өткізілді.
Ата-аналар қанағаттануының нәтиже көрсеткіші орта есеппен 95% құрайды.
спорттық, музыкалық шараларды өткізуде. ата-аналармен жұмыс түрлерін жалғастыру;
- ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру;
- балабақша ішіндегі ата-аналармен жұмыста жаңа технологияны жиі пайдалану (жоспарлау, тәжірибе алмасу).
- Қорытынды : Сонымен, мектепке дейінгі мекеме даму тәртібінде деген қортынды жасалды. Біздің педагогтардың кәсіби шеберлігі және шығармашыл қабілеттері балабақшаның оқу – тәрбие үрдісінің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Әдіскер : Алмабекова А.М.